Жаңалықтар

"Болашақ ұрпақты Отан сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру" мақсатында қазіргі төтенше жағдайға байланысты Ұлы Отан соғысының 75-жылдығына арналған "Дети войны-дети без детства" челенджісіне "Қарлығаш" бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері өз үлестерін қосты.

Өздеріне дүние сыйлаған ата-аналарына және де барша жанына жақын жандарға алғыстарын әнмен, жырмен, өлең жолдармен және бимен жеткізді.

Аудандық білім беру бөлімінің хатына сай, аудан аумағында «Өрт қауіпсіздігі  айлығының» өткізілуіне байланысты Доссор кентінің «Қарлығаш»бөбекжай- балабақшасының  ересек «Күншуақ» тобында балалардың өрт қауіпсідігі ережелері туралы білімдерін  қалыптастыру,қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру мақсатында«Өрт-тілсіз жау» тақырыбында ашық  ұйымдастырылған оқу қызыметі өткізілді.

«Болашақ білімді дені сау» ұранымен 2020 жылы қаңтардың 28-ші жұлдызы күні Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп базасында мектепке дейінгі мекемелер арасында аудандық спорттық-интеллектуалдық эстафета ойындары өтті.