«Болашақ білімді дені сау» ұранымен 2020 жылы қаңтардың 28-ші жұлдызы күні Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп базасында мектепке дейінгі мекемелер арасында аудандық спорттық-интеллектуалдық эстафета ойындары өтті.
Эстафета қимыл белсенділігін арттыру салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың денсаулығын нығайту, ой өрісін дамыту арқылы отан сүйгіштік, ұжымдық жауаптылық сезімдерін арттыру мақсатта өтті. Ойынға 4-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер 5 ұл, 5 қыздан құралған 9 команда қатысты. Соның ішінде эстафеталық ойынның қорытындысы бойынша біздің «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы «Улыбка» командасы өзінің спорттық ойындардың бәрінде де жылдамдылығымен, ептіліктерімен, тапқырлықтарымен жоғары ұпай жинап, жүлделі І-ші орынды иеленіп, Атырау облысына жолдама алды.
http://karygash.makat-bb.kz/kz/zha-aly-tar/101-i-b-anatbaev-atynda-y-orta-mektep-bazasynda-mektepke-dejingi-mekemeler-arasynda-audandy-sportty-intellektualdy-estafeta-ojyndary-tti.html#sigFreeId80f542d0f4
«Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасының
әдіскері Бекмуратова Д.Д.