Ересек «Айгөлек» тобында «Алтын жапырақ төккен күз» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Өткізген екінші санатты тәрбиеші Хайруллина Фарида Санжановна.

Мақсаты: балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, сөздің қорын молайту, ой-өрісін дамыту. Ұйымдастыру оқы барысында «Ғажайып сәтте» қонаққа терек келіп, балалар теректің берген тапсырмаларын орындап, жұмбағын шешіп, «Төртінші артық», «Жапырақты кім көп жинайды» дидактикалық ойындарын қызығушылықпен ойнады. Кіріктірілген жапсыру сабағында балалар теректің жапырақтарын жапсырды. Рефлексия бөлімінде балалар екі түрлі қол шатырдың астына жиналып өздерінің жасаған жұмыстарына жақсы күйлерін білдірді.