Бөбекжай-балабақшамызда ересек «Балапан» тобында «Күздің бізге берер сыйы» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызыметін тәрбиеші Боранбаева Маржан Бисенгалиевна өткізді.

Мақсаты: балаларға жемістердің дәруменге бай екенін денсаулыққа пайдасын түсіндіру. Ұйымдастыру оқу қызметінде көрнекіліктерді пайдалана отырып, балалармен «Бақта ма, бақшада ма?», «Қолымда не бар?» дидактикалық ойындары ойналып, көкөністерді құрастыруға тапсырмалар берілді. Балалар алмаларды қиып жапсырды. Ұймдастыру оқу қызметінде балалар берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап ұйымдастырылған оқу қызметі қызықты өтті.