«Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасында ортаңғы «Толағай» тобында білім беру саласы: «Жаратылыстану», тақырыбы: «Жомарт күз» ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.

Мақсаты: Күз табиғат құбылыстары, көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін қалыптастыру; саусақ моторикасын дамыту. Өткізген тәрбиеші Ихсангалиева Сандигуль Мирангалиевна. Ұйымдастырылған оқу қызметінде интерактивті тақтамен күз туралы құбылыстары,көкөністер мен жеміс жидектерді көрсетіп, олардың өсетін жерлері туралы түсініктер берілді. «Ғажайып қалта» атты дидактикалық ойын ойналып, күз туралы тақпақ айтылып, жұмбақтар жасырылды. Анар жемісінің дәнін саусақ арқылы суретін салды. Балалар ұйымдастыру оқу қызметіне қызығушылықтарын танытты.