«Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасында 25 қараша күні БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999 жылы 17 желтоқсанда жариялаған «Әйелдереге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың Халықаралық күні» тақырыбында шара өтті. Бұл шара барысында көптеген мәселелер қарастырылды. Зорлық-зомбылық түрлері және олармен қалай күресу керек екендігі түсіндірілді. Сұрақтар қойылып қызу талқыланды. Болашақ әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтан азат болу қозғалысының қолдау ретінде балабақша қызметкерлері қатысты. Шара соңында балабақша психологы Куразова Арай Карсакпаевна қызметкерлермен «Жүректен-жүрекке» атты тренинг өткізді.