«Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай балабақша қызметкерлерінің арасында «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбының аясында «Атажұрт» танымдық сайыс өтті.

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойы қарсаңында өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.

Сайысқа «Тәуелсіздік», «Тапқырлар» екі топ қатысты. Сайыста өздерін таныстырып, сұрақтарға жауап беріп, өз өнерлерін көрсетіп, мақал мәтелдер айтып, ұлттық тағамдар дайындады. Сайыста екі топта белсенді қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды.