Атырау облысы білім беру басқармасының Мақат аудандық білім беру бөлімі Доссор кенті «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасында балабақша ішілік «Жаңарту бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру саласында» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: Педагогтарды жаңартылған бағдарлама бойынша теориялық әдістемелік біліммен қамтамасыз ету, тәжірибемен бөлісу, тәрбиешілердін кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар теориялық және тәжірибелік екі бөлімнен өтті.

І. Теориялық бөлімде балабақша саз жетекшісі Елешева Лаура Зинуллаевна , тәрбиеші Сарсенбаева Қалықыз Кенжегалиевна тақырыпқа сай презентация жасап, жаңа әдіс-тәсілдермен таныстырып өтті.

ІІ. Тәжірибелік бөлім бойынша мектепалды даярлық тобында тәрбиеші Аскабылова Акмарал Танатаровна қарапайым математикалық ұғымды қалыптастырудан «Целое и части. Составляю фигуры из частей» тақырыбында, ортаңғы «Толағай» тобында жаратылыстанудан «Көліктер» тақырыбында тәрбиеші Жатимова Нургуль Амангельдиевна ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Семинар соңында балабақша меңгерушісі Есенова Бактыгул Кайруллиевна өз алғысын білдіріп, тәрбиешілерге шығармашылық табыс тіледі.