«Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасында 3 ақпан 2021 жылы «Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім беру саласында» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты: педагогтарды жаңартылған бағдарлама бойынша теориялықәдістемелік біліммен қамтамасыз ету, тәжірибемен бөлісу тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинарда балабақшаның меңгерушісі Есенова Бактыгүл Қайроллақызы, аудандық білім беру бөлімі мектепке дейінгі мекеме әдіскері Төлеубаева Таншолпан Сағидоллақызы сәттілік тілей отырып ашты. Педагог Елешева Лаура Зинуллаевна баяндама оқыды. Жаңартылған бағдарлама бойынша ортаңғы «Толағай» тәрбиешісі Жатимова Нургуль Амангельдиевна «Таным» саласы бойынша жараталыстанудан «Көліктер» тақырыбында, мектепалды даярлық тобында тәрбиеші Аскабылова Акмарал Танатаровна орыс тілінде «Дикие и домашние животные» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Семинар соңында аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі мекеме әдіскері ұжымға алғысын білдіріп, ашық ұймдастырылған оқу қызметін өткізген тәрбиешілерді «Алғыс хатпен» марапаттады.