Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңына «Қарлығаш» б\б «Наурыз – көңілді мереке» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мақсаты: балаларға халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайлыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ортаңғы топтан бастап, мектепалды топтар аралығында ертеңгілік болып өтті. Балалар мерекеге арналған тақпақ, би билеп, әндерін айтты. Үлкендердің қатысуымен көріністер ұйымдастырылды. Наурызға әже келіп, балаларға көженің жасау жолдарын түсіндіріп, қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылды. Барлық балалар ұлттық киімдерін киіп келіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Наурыз мерекесі Қыдыр атаның ақ батасымен аяқталды.