«Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасында ақын Мұқағали Мақатаевтың 90    жылдығына арналған балабақшаішілік бүлдіршіндер арасында қазақ тілі маманы Насенова Жанат Жанболатқызының ұйымдастыруымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа ересек «Айгөлек» тобының тәрбиеленушісі  Сағынбай Айсезім Мұқағали Мақатаевтің «Армысыңдар, аппағым», мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Асанқызы Назерке «Үш бақытым»,  Қарсақбаева Айзада «Әй, табиғат», Мутайыр Нұрмат «Отан», Қабиева Гаухар «Ана, сен бақыттысың»,  Мухтар Айзере «Отан»,  «Золотой ключик»  ересек тобының тәрбиеленушісі Қожабай Жансерік «Әке», «Балапан» ересек тобының  тәрбиеленушілері Теңелбай Айару және Аманғали Айша «Көктем» өлеңдерін оқыды. Сайыста бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрсетіп, белсене қатысты.

 

Қазылар алқасының шешімі бойынша:

 

І орын - Нұржанқызы Айлина,

 

ІІ орын - Мұхтар Айзере,

 

ІІІ орын - Қарсақбаева Айзере марапатталды.