1- Мамыр Халықаралық  Бірлік мерекесіне орай  «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасында «Достық кілемі» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте бүлдіршіндер әртүрлі ұлт өкілдерінің биін билеп, «Достық» туралы әндер шырқады. Ертеңгілік соңында бүлдіршіндер ұлттық ою-өрнектердің суреттерін сыйға тартып, олардан «Халықтар достығы кілемін» құрастырды. Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Халықтарының Бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлттаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!