Мақат аудандық білім бөлімінің 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі балаларды мектепке дайындау және әр баланы интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әуелетін дамыту, дағдыларын жетілдіру мақсатында өткен «Білім жолымен» аудандық олимпиадасына қатысып «Біз мектепке барамыз» номинациясы бойынша Нұржанқызы Айлина екінші дәрежелі Дипломмен, «Ойлан тап» номинациясы бойынша Карсакбаева Айзада үшінші дәрежелі Дипломмен, «Бәрін білгім келеді» номинациясы бойынша екінші дәрежелі Дипломмен Текеева Арина марапатталды.

Бүлдіршіндеріміздің марапаттары құтты болсын, әрқашанда биіктерден көріне берсін.