«Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасында 4 маусым Рәміздер күніне орай «Рәміздер- мақтанышым» атты тақырыптық сағат болып өтті. Мақсаты Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсінік беру. Балаларды отансүйгіштікке, өз елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.Тақырыптық сағатты балалар мемлекеттік әнұранмен бастап, рәміздер туралы тақпақтар айтты, арнайы әзірлеген видеороликтерді көрді. Тақырыптық сағат мемлекеттік туымызды түсіне сәйкес бояуымен аяқталды.