«Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасында Елдік мерекеге өзіндік үн қосу.Көңілді орта қалыптастыру.Бас қала – Нұр-Сұлтан туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру мақсатында, 2021 жылдың 2-3 шілде айы аралығында «Астана күні» мерекесіне орай балабақшамызда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. «Ел жүрегі Нұр-Сұлтан!» атты тәрбие сағаты, «Жүзден жүйрік» спорттық сайысы, ортаңғы топ балалар арасында «Бұл бақытты мекен» атты асфальтқа сурет салу байқауы өткізілді. Барлық өткізілген шараларда балалар Нұр-Сұлтан қаласы туралы өлең, тақпақтарын айтып, слайд көрсетіліп, қаланың қарқынды дамып келе жатқаны туралы әңгімеленді. «Жүзден жүйрік» спорттық сайысында балалар екі топқа бөлініп, төрт кезең бойынша тапсырмаларға белсене қатысып, қызықты ойындар ойнап, мерекелік шараны көңілді өткізді. Мерекелік іс-шара соныңда бөбекжай-бақшасының әдіскері Д.Д.Бекмуратова балалардың өнерін, топ тәрбиешілерінің еңбегін бағалап алғысын білдірді.